Аталған шара мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында нақты атап көрсетілген патриотизмді қалыптастыру мақсатында 2016 жылы басталған болатын. Қазір Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында нақты атап көрсетілген «Туған жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.
Бүгінгі таңда көрме байқауына қатысу үшін Зеренді, Бурабай, Еңбекшілдер аудандарының ауыл мектептері өтініштерін жолдаған. Ал осы уақытқа дейін тоғыз мектеп өз көрмесін әкеліп қойған. Әр көрме бір ай бойы қала тұрғындарының назарына ұсынылады. Көрменің бір бөлімі ауыл табиғатына, екінші бөлімі ауылдың тарихы мен сол елдің азаматтарын таныстыруға арналған.
Бұл мұражайдың аудан мектептерімен байланысын нығайтуға және этно-педагогикалық бағыттағы насихат жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік береді.
Көрме байқауы 2016-2018 оқу жылдарын қамтиды. Қорытындысы 2018 жылдың мамыр айында шығады деп жоспарланған.