Мектептерде «Қоғам және дін» деген пән енгізіледі

Қазіргі таңда Елордадағы 9-сынып оқушылары «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнін оқиды. Халықаралық мәдениет жәні дін орталығының басшысы Айдар Әбуовтың айтуынша, аталған оқулықты әлі жетілдіру керек. Соған байланысты 8 және 9-сыныптың оқу бағдарламасы жаңартылады, «Қоғам және дін» пәні енгізіледі.

Әзірге аталған пәнді Астана мен Алматы қалаларындағы кейбір мектептердің оқушылары ғана оқиды. Егер тәжірибе оң нәтиже берсе, алдағы жылдары еліміздегі барлық мектептерге енгізіледі.

Жаңа оқулық осы жылдың соңында дайын болады.