ЭКСПО-да ұсынылған бес энергожоба Ақмола облысында пайдаланылмақ

Кеңесте Астана қаласында өткізілген «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне ұсынылған Ақмола облысының жаңа технологияларын іс жүзінде қолдану және 2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымының басталуы туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Виктор Радченко есеп берді.

Оның сөзінше, мамандар «ЭКСПО-2017» көрмесінде энергетика және мұнайгаз саласында ұсынылған 130 жаңа технологиялармен танысқан. Арнай құрылған жұмыс тобы осы жаңа технологиялардың ішінен өңірде жүзеге асыруға тиімді деген 5 жобаны таңдап алған. Ақмола облысы үшін «жасыл энергетика» ережесі бойынша «құбырсыз» газ тарту жобасы тиімді.

«Бұл жоба экономикалық және экологиялық жағынан тиімді», деді Виктор Радченко.

Сонымен қатар келешекте Аршалы ауданының Қостомар ауылында қуаты 100 МВт жел электр стансасы салынатын болады. Ал, «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорыны инновациялық жолмен турбогенераторды іске қосуды көздеп жоспарлап отыр. Тағы бір ноу-нау Степногор қаласындағы су тазалау нысанын жаңғырту болса, енді бірі «Көкшетау минералды сулары» АҚ электртаратқыш желісінде компьютерлік бақылау технологиясын енгізу көзделген.

Аппарат кеңесінде биылғы жылу беру маусымы да сөз болды. Биыл жылу маусымы облыс бойынша ойдағыдай басталды. Ала жаздай жылу қазандықтары, құбырлар жөнделіп, отынның қоры жасалды. Әлі де болса отын қоры толықтырылып жатыр.

Жылу беру маусымына қатысты облыс басшысы облыс әкімі М.Мырзалин Көкшетау және Степногор қалаларымен барлық аудандардың әкімдерін әлеуметтік нысандарға жылу берудің тұрақты нормативін сақтауды және тұрғындарды сумен, электр қуатымен, жылумен үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды.