Денис Тен Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әннің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді

«Қымбатты Димаш, жылы лебізіңе рахмет! Сенің орындауындағы әнге билеу — мен үшін үлкен мәртебен. Осыдан екі ай бұрын өте күрделі жарақат алдым. Бірақ дәрігерлердің ескертулеріне қарамастан, Францияда өтетін шоуға қатысқалы жатырмын»,- деп жазды Денис Тен Instagram желісіндегі парақшасында.

Спортшы 10 тамыз күні Кореяда өткен «Ice Festa» шоуына дайындық кезінде жарақат алып қалған болатын.