Димаш Құдайбергеннің домбырасы 1,8 миллион теңгеге сатылды

Димаштың домбырасын «Smile Angel Foundation» қайырымдылық қоры аукцион арқылы сатып алды деп хабарлайды Қытайдың sina.com порталы. Қазақстандық әнші барлық қаражатты қордың «smile angel hospital» емханасындағы көмекке мұқтаж балаларға жұмсамақшы.

19 қыркүйек күні Димаш Құдайберген көмекке мұқтаж балаларға көмек көрсету үшін, домбырасын «Smile Angel Foundation» қайырымдылық қорына сыйлаған болатын.

Димаш Құдайбергеннің домбырасы

ДереккөзInform.kz