Елімізде шамамен 22 мың тонна астық бастырылды

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен алынған мәліметтерге сәйкес, еліміздің диқандары 15 254,3 мың гектар алқаптың егінін жинап, 99,7% көрсеткішке қол жеткізіп отыр.

Орташа өнімділік гектарына 14,3 центнерді құрап отыр. 2016 жылдың осы кезеңінде Қазақстанда 14 106,9 мың гектар, яғни 92,4% алқаптың егіні орылып, 21 285,4 мың тонна астық бастырылған болатын. Ал орташа өнімділік гектарына 15,1 центнерді құраған.

2016 жылы егіс алқаптарының жалпы аумағы 15 275,1 мың гектар болса, 2017 жылы 15 295,3 мың гектарға жеткен.

ДереккөзInform.kz