Жазушы Сайын Мұратбеков тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды

Алматы қаласындағы Зенков пен Шевченко кө­шелерінің қиылысындағы үйдің қабырғасына орнатылған тақтаның шымылдығын ақын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, Қазақстан Жазушылар одағының төр­ағасы Нұрлан Оразалин және жазушының туған бауы­ры Әбіләкім Әубәкіров түсір­ді.

Тақта алдында әде­биет­тегі қатарластары мен жасы кіші інілері Сайын Мұрат­бековтің адами келбеті мен әдеби қарымын тең сөз етті. Бұдан бөлек ескерткіштің ашылу шарасына Қазақстан Жазушылар ода­ғының төрағасы Нұрлан Оразалин, ақын Марфуға Айт­қожина, бауыры мен балалары қатысты.

Айта кетейік, ескерткіш тақтаны қоюға атсалыып, осы шараны қала әкімдігі ұйымдастырды.

ДереккөзEgemen.kz