Басты бетЖаңалықтарҚырғызстанның Президенті...

Қырғызстанның Президенті болып Сооронбай Жээнбеков сайланды

914 мыңнан астам сайлаушы Социал-Демократиялық партия атынан үміткер Сооронбай Жээнбековке дауыс берген, бұл 54 пайызды құрайды. Жээнбеков — қазіргі президент Алмазбек Атамбаевтың одақтасы.

Сооронбай Жээнбековтің басты оппоненті «Республика — Ата Жұрт» парламенттік фракция атынан үміткер Өмірбек Бабановқа сайлаушылардың 564 мыңдайы, яғни 33,3 пайызы дауыс берген.

Жээнбеков Ош облысында 72 пайыз дауыс алса, Бабанов Талас облысынан 85 пайыз дауыс жинады.

Ал үшінші орында «Бүтін Қырғызстан» партиясының лидері Адахан Мадумаров тұрақтады. Оған сайлаушылардың 6,3 пайызы, яғни 108 мың дауыс жиналған.

«Ак-Шумкар» партиясының лидері Темир Сариев 42,7 мың дауыспен төртінші орында.

Алғашқы бестікке кірген үміткердің бірі Таалатбек Масадыков. Ол үшін 10 мың адам дауыс берген.

Айта кетейік, Қырғызстандағы президент сайлауында 11 үміткер қатысты. Оның біреуі әйел.

ДереккөзCentralasian.org