Либерия президенті болып «Алтын доп» иегері сайланды

Президент сайлауы Либерияда сейсенбі күні өтті. Веа елдің президенті қызметінде 2011 жылы Нобель сыйлығының лауреаты Элен Джонсон-Серлифс орнын басады. Ол елді бұған дейін 12 жыл басқарған.

Халықаралық бақылаушылардың айтуынша, кейбір аймақтарда дауыс беру шамалы кеш басталғанымен, жалпы сайлау жақсы өткен. Бүкіл ел бойынша 2,1 миллион адам сайлауға қатысқан. Оның қорытындысы бойынша 51 жастағы Веа елдің қазіргі вице-президенті Джозеф Бокайды басып озған.

Веа президент сайлауына 2005 жылы да түскен.  Ол кезде сайлаудың нәтижесі бойынша Веа екінші орын алған.

Веа 1985-2003 жылдары Еуропа құрлығында ойнаған үздік футболшылардың бірі болған. Ол франциялық «Монако», «ПСЖ» және «Маресль» ағылшындық «Челси» және «Манчестер Сити», италиялық «Милан» клубтарының намысын қорғаған. Веа әлем чемпионатында топ жармаса да, «Алтын доп» жеңіп алған.

Өз карьерасында Веа Франция және Италия (екі рет) чемпионы атанса, үш рет Франция кубогын және Англия кубогын жеңіп алған. Сонымен қатар 1995 жылы «Алтын допты» және үш рет Африканың үздік футболшысы атанды.