Қанат Ислам
©Алматы өңірлік коммуникация қызметі

Қанат Исламмен жүздесуге қала мектептерінің оқушылары, салауатты өмір салтын ұстанып, спортты жанына серік еткен оғландар жиналды.

Жиында Қанат: «Марқұм бапкерім: “Спортқа келген екі ақылды баланың жоқ дегенде біреуін чемпион жасауға болады. Ал адам ету қиынырақ”,- дейтін еді. Сендер де бірінші кезекте чемпион емес, адам болуды мақсат тұтыңдар. Қайсарлық керек десеңдер батырлар жырын оқыңдар. Көпшілік алдында екі сөздің басын қосып сөйлей алмай тұру деген ұят нәрсе, сондықтан көп оқыңдар. Спортта жүрген балалар оқуды да қатар, теңдей алып жүріңдер» деп жас өрендерге адам болып жүру, азамат, ер ретінде қалу қажеттігін қадап айтты.

Салтанатты жиында өңір басшысы Әлібек Жақанбаев Қанатқа аудандағы 15 депутаттың ұсынысымен берілген «Алакөл ауданының Құрметті азаматы» атағын табыстады.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!