Беларусь алғашқы болып «талер» криптовалютасын шығарды

Беларусьтің ұлттық криптовалютасы қазір қолданысқа еніп кетті. Оның негізінде арнайы криптоәмияндар да ашылды. Валютаны алдағы уақытта экономикаға тереңінен енгізу жоспарланып отыр.

Талердің негізін қалаушылардың айтуынша, ол алдағы уақытта инфляцияны төмендетуге мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, талер биткойнның баламасы негізінде жасалған. Валюта орталыққа бағынбайды. Оның біріңғай эмиссиялық орталығы да жоқ. Валютаның шығарылымы қатаң шектелген, тек 23,3 миллионы ғана шығарылады.

ДереккөзNaryk.kz