Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады

Базалық мөлшерлеменің төмендеуі жылдық инфляция қарқынының баяулауын, инфляциялық күтулердің тұрақты деңгейін көрсетеді. Сонымен қатар орта мерзімді кезеңдегі инфляцияны одан әрі төмендету бойынша бағаны анықтайды. Сондай-ақ сыртқы жағдайлардың белгісіздігі мен құбылмалылығының өсуі ағымдағы жылы базалық мөлшерлеменің одан әрі төмендеу ықтималдылығын азайтады.

«Ұлттық банктің соңғы ақпараттарына сүйенетін болсақ, теңгедегі салымдар өсіп отыр. Пайыздық көрсеткішпен айтсақ теңге 52% құраса, ал шет ел валютасындағы салымдар 48% болып отыр. Халықтың осылай теңгеге сенім артуы жақсы нәтиже. Бұл халықтың қаржылай сауаттылығының артуы және теңгелей салымның тиімділігі жоғары болып тұрғанын аңғартады », — деді ҚР Ұлттық Банкінің облыстық филиал директоры Ернар Жумабеков.