Бүгін латын әліпбиіне көшу мәселесін тақылауға арналған жиын өтеді

Қазіргі таңда қоғамда қызу талқыланып жүрген бүгінгі күн тәртібінің ең басты мәселесі ретінде қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшіру мәселесін айтуға болады.

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттілігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп жазған болатын.

Сонымен қатар, Елбасы осы мәселеге қатысты арнайы құрылған республикалық жұмыс тобын қабылдаған кезде аталған мәселені халық арасында талқылап, көпшіліктің пікірін ескеруді маңызды деп атап өтті.

Осыған орай, 2017 жылғы 12 қазан күні сағ. 15:00-де Бостандық ауданында орналасқан Орталық Азия университетінің (Жандосов көшесі, 60 Гагарин даңғылының қиылысы) қабырғасында белгілі қоғам қайраткерлері, тарихшылар және аталған оқу орнының студенттері арасында латын әліпбиіне көшу мәселесін тақылауға арналған жиын өткізіледі.

Іс-шараға БАҚ өкілдері шақырылады. Шара туралы білу үшін 275 13 29, 8 707 777 2992 байланыс телефондарына хабарласуға болады.