«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмі желтоқсанда айналымға шығады

Авторлар кинокартина туралы ресми пост жариялады.

«Қазаққа ғашық болмаудың 5 себебі» фильмінде қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – этносаралық некелер қозғалған. Динара Франциядағы оқуынан кейін отанына оралады. Бірақ, үйіне жалғыз емес, шетелдік күйеу жігітімен бірге келеді. Бойжеткеннің әкесі әрине бұған қарсы болады, сондықтан кейіпкер жалғандыққа барады. Ару жергілікті такси жүргізушіні уақытша жаңа күйеу жігіті болуға көндіреді. Бұл оқиғаның немен аяқталатынын көрермен алдағы қыста біле алады», — деп жазылған.

Фильмдегі басты кейіпкерлерді Әсел Сәдуақасова сомдайды. Туындыдағы Динара – әр қадамын алдын-ала ойластыратын жігерлі әрі ақылды қыз. Тартымды шетелдік жігітті Морган Сеги сомдады, ал такси жүргізушісінің рөлі Нұржан Садыбековке бұйырды.

Айта кетейік, Асқар Ұзабаев пен Әсел Сәдуақасова бұдан бұрын «Келін де адам баласы» және «Ninety One» картиналарын бірге түсірген болатын.