Жұлдыз Әбдукәрімова: Фильмнің Қайрат Нұртас екеуміздің өмірімізге еш қатысы жоқ

«Арман» фильмінің БАҚ-қа арналған ресми ашылуында Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова өзі басты рөлді сомдайтын фильмдегі оқиғаның Қайрат екеуінің өміріне еш қатысы жоқ екенін айтты.

«Фильм Қайрат пен Жұлдыздың жеке өмірінен алынған деп шатаспауларыңызды сұраймыз. Мен актриса болғандықтан, алған білімімнің жемісі деп білемін. Сондықтан сіздер киноны көріп, өз бағаларыңызды бере жатарсыздар. Біз киноны түсірген кезде өмірлік мәні бар, көрермен ой түйіндеуге болатын оқиға болса деп алдық», — деді Жұлдыз Әбдукәрімова.

ДереккөзNur.kz