Алматыда «Auezov Invest Forum-2016» атты инвестицилық форумы өтті

Аталмыш форумның мақсаты – экономика дамуын ынталандыратын маңызды бизнес ақпараттармен алмасатын алаңды құру. Форумның басты тақырыбы – Әуезов ауданының көріктендіруі мен сәулеті, экономикалық дамуы, бизнестің дамыту және алып жүру болашағы.

Форум жұмысына сәулетші, Қазақстан дизайнерлер одағының президенті Тимур Сулейменов; «Grand Park Almaty» сауда-сауық орталығының басшысы Ғабит Бейсенбаев; «OBI» гипермаркетінің бас директоры Нұрлан Әбдікәрімов; журналист, «Хабар» телеарнасының «Бизнес жаңалықтары» бағдарламасының жүргізужісі, экономика шолушысы Игорь Сахар; бұқаралық ақпараттар құралдарының, бизнес қоғамдастығы мен инвестициялық компанийлердің өкілдері және тағы басқалар қатысты.

Форум барысында Алтай Рақымбетов Әуезов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша мәлімет берді. Оның айтуынша, Әуезов ауданы қаланың ең үлкен аудандарының бірі. 23 шаршы шақырымды алып жатқан ауданның 283 мың тұрғыны бар. «Ауданның экономикалық саясатының басымдық бағытының бірі – инвестиция тарту болып табылады. Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде негізгі капиталға қала бойынша инвестицияның 10,6 %-ды құрайтын, 35,5 млрд. теңге кіріс кірді. Аудан аумағында 19 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын орналасқан. Жылдың басынан олар 62,9 млрд. теңгеге өнім өндірді», — деп, ол салық түсімі мен аудан аумағын көріктендіру бойынша атқарылған жұмыс бойынша мәлімдеді.

2016 жылдың басынан бастап, ауданда қызмет көрсету саласында 17 жаңа нысан қолданысқа енгізілді. Олар: «Grand Park Almaty» сауда-сауқ орталығының бірінші кешенінде Еуропада ірі бөлшек сауда «Carrefour» француз дүкендер желісі, «Almaty mall», «Керемет», «Хан-Тегри» мейрамхана кешендері, «MC Rada» медицина орталығы қолданысқа берілді, осы нысандар бойынша 4 000 жұмыс орны құрылды.

Сонымен қатар, жоспар бойынша, 2017 жылы, «Grand Park Almaty» сауда орталығының екінші кешенінде «Қазак ауыл», «Арбат» кешендері, алма сатылатын жәрмеңке қатары және т. б. ашылады. Сондай-ақ, 3,4 га алып жатқан жерге «OBI» гипермаркетінің құрылысы басталмақ. Бұл құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтары сатылатын неміс бренді.

Форум жұмысын қорытындылай келе, Алтай Рақымбетов, сыртқы дағдарысқа қарамастан, ағымдағы жылдың 9 айы қорытындысының серпінділігі оңды екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол келешекте бірлесе жұмыс атқарғанда ғана, жақсы көрсеткіштерге жететінімізді анық айтты.

Аталмыш іс-шара егеменді еліміздің тарихында ерекше орын алған алып шаһар Алматыны қадірлеу, мақтан тұту, 1000 жылдық тарихына үңіліп, болашаққа бастар жолда Тәуелсіздіктің алтын бесігі — Алматыны көркейту мақсатында ұйымдастырылып отыр.