«Алматы Марафоны» күні қандай жолдар жабылады?

Марафон 23 сәуір күні сағат 07.00-ден 14.00 аралығында өтеді. Осы уақытта іс-шара өтетін жолдар бойында көліктер үшін  қозғалыс шектеледі.

Қандай жолдар жабылады?

Әл-Фараби көшесінің солтүстік жағынан Шығыс айналма жолының батыс бөлігі, Абай даңғылының оңтүстік бөлігі мен Сейфуллин көшесінің Абай даңғылымен қиылысатын тұсынан Әл-Фараби көшесіне дейінгі бөлігі автокөліктер үшін жабық болады.

«Жүгіруді ұнататындар үшін бірнеше қашықтық ұсынылып отыр. Толық марафон — 42 шақырым 195 метрді, жарты марафон — 21 шақырымды, спутник жүгіру — 10 шақырымды, скандинавиялық үлгідегі жүріс — 10 шақырымды, балалар үшін жүгіру қашықтығы 3 шақырымды құрайды. Жолдардың жабылуына байланысты осы күнгі қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,  — дейді «Алматы Марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева.

Оның айтуынша, көлік қозғалысы шара аяқтала салысымен сағат 14.00-де қалпына келтіріледі. Марафонға қатысушылардан жиналған ақша қаражаты ауыр науқасты 500 баланың ем-домына жұмсалмақ.

IV «Алматы Марафонына» қазіргі уақытта 13 мың адам тіркелді.

ДереккөзInform.kz