Республиканың үш облысында дабылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің үш облысында дабылды ескерту жарияланып отыр. Атап айтсақ, Жамбыл облысында температура алты градусқа дейін төмендеп, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жел күшейеді.

Астанада күн бұлтты. Түнде -3…-5, күндіз 6-8 градус жылы.

Алматыда да күн бұлтты. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 11-13 жылы болады.

Ақмола облысында күн бұлттанады. Ауа температурасы түнде -2…-7 градус суық, күндіз 0-5 градус жылы.

Ақтөбе облысында күн бұлтты. Сынап бағанасы түнде 1-6 градус жылыны көрсетсе, күндіз 10-15 градусқа дейін көтеріледі.

Алматы облысында күн ашық. Түнде — 3…+2, күндіз 10-15 градус жылы.

Атырау облысында күн бұлтты. Түнде ауа температурасы 3-8 градус, күндіз 12-17 градус жылы болады.

Шығыс Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз -2…-7 градус суық, күндіз 2-7 градус жылы.

Жамбыл облысында да күн бұлтты. Түнде -1…-6 суық, күндіз 9-14 градус жылы болады.

Батыс Қазақстан облысында күн бұлтты. Түнде 3-8, күндіз 12-17 градус жылы.

Қарағанды облысында күн бұлтты. Ауа температурасы түнде 2…-7 градус салқын, күндіз 2-7 градус жылы болады.

Қостанай облысында күн бұлтты. Түнде 0…-5 градус салқын, күндіз 5-10 градус жылы.

Қызылорда облысында күн бұлтты. Ауа температурасы түнде +1…+6, күндіз 12-17 градус жылы болады.

Маңғыстау облысында күн ашық. Түнде 3-8 градус жылы болса, күндіз температура 15-20 градусқа дейін көтеріледі.

Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 0…-5, күндіз 3-8 градус жылы.

Солтүстік Қазақстан облысында күн бұлтты. Түнде -2, -7 градус, күндіз 0… +5 градус болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында күн бұлтты. Түнде +1… +6 градус болса, күндіз12-17 градусқа дейін жылынады.