Алматы облысындағы игерілмеген жерлер мемлекетке қайтарылды

Аудандық әкімдіктің атсалысуымен оның 13 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ осы өңірде жеке үй салуға берілген жер телімдері бойынша да бірқатар шикіліктер шықты.

Аудан орталығы Бақанаста 2011 жылдан бері тұрғындарға 70 жер телімі берілсе, соның тең жартысына әлі күнге дейін баспана тұрғызылмаған. Осыған байланысты Балқаш ауданы прокурорының орынбасары Бауыржан Тойбаев пікірін білдірді:

Балқаш ауданы жер көлемі бойынша облысымыздағы ең үлкен аудандардың бірі болып саналады. Осыған орай аудан прокуратурасымен жер мәселесіне зейін қойылып, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау жұмыстары жүргізілді. 13 мың гектар жер мемлекетке қайтарылып, қазіргі таңда сол бойынша жұмыстар атқарылып жатыр, — деді ол.