Қазақ тілді сайттарда трайбализм күшейіп келеді — Сауытбек Әбдірахманов

Оның айтуынша, қазақ тіліндегі сайттардың бірқатарында жекелеген рулар, тайпаларға тіл тигізіп, күлкіге айналдыратын мәселелер өте көп жазылып жатыр.

«Өкінішке қарай, қазіргі кезде саяси экстремизм, ұлттық пен рулық алауыздықты туғызатын жағдайлар аз емес. Мәселен, қазақ тіліндегі сайттардың бірқатарында ұлттың бірлігіне қауіп төндіретін, жекелеген өңірлерге, жекелеген тайпаларға, жекелеген руларға тіл тигізетін, күлкіге айналдыратын мәселелер дендеп бара жатыр. Осы мәселеге баса назар аударғым келеді. Бұл жақсылықтың басы емес», — деді Сауытбек Абдраxманов.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Өңірлік БАҚ форумы ашылды.

ДереккөзInform.kz