Бас бет Жаңалықтар Отандық “Шыңырау” фильмінің түсірілімі аяқталды

Отандық “Шыңырау” фильмінің түсірілімі аяқталды

Режиссер Жаңабек Жетіруов "Шыңырау" көркем фильмінің түсірілімін аяқтады. Бүгінгі таңда кинокартина пост-продакшн кезеңінде. Дереккөз: Brod.kz

Шыңырау
©Brod.kz

Жаңабек Жетіруовтың айтуынша, кинокартинада классикалық музыка көп қолданылған. Ал фильмнің композиторы – Арман Жайым.

Фильм Әбіш Кекілбаевтың “Шыңырау” шығармасының желісімен түсірілді.

Түсірілім Маңғыстау облысында өткен. Драманы жарыққа шығаруды “Қазақфильм” киностудиясы өз жауапкершілігіне алған.

Айта кетейік, “Шыңырау” фильмінде басты рөлдерді Алдабек Шалбаев, Асылхан Төлепов, Айжан Жетіру, Дәулет Әбіш және Мақсат Сәбитов ойнайды.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!