Еліміздің солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын соғады.

Түнде Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі, жел күшейеді – 15-20 м/с.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.