Әдебиет бойынша биылғы Нобель сыйлығының иегері Кадзуо Исигуроның ойлары

Кадзуо Исигуро — Ұлыбритания корольдігінің әдебиет қауымдастығының мүшесі. Оның шығармалары әлемнің 30 тіліне аударылған. «Уитбред», Букер сыйлықтарының иегері.

Өзіңе сырт көзбей қараған сәт — ес жидыратын сәт. Ол күн сайын қарап жүрген айнаңның жанынан өтіп бара жатып, бұрын-соңды көрмеген затты байқап, үрейлену сияқты («Не отпускай меня» кітабынан).

***

Егер көңіліңдегі алаңды бөлісетін адам болмаса, қажет емес («Не отпускай меня» кітабынан).

***

Мен болған оқиғаны болмағанға айналдыруды қатты қаладым және олар туралы тіс жармау арқылы өзіме де, өзгеге де жақсылық жасап жүрген сияқтымын («Не отпускай меня» кітабынан).

***

Өзіңнің көп оқығаныңды көрсетудің ең тиімді жолы — адамдарға олар әлі оқымаған кітаптың желісін айтып беру («Не отпускай меня» кітабынан).

***

Өмір бойы «осылай болар ма еді?» деп ойлай беруге болмайды. Өміріңнің өзгелердікінен кем емес екенін түсінетін уақыт жетті. Одан да рахмет айтқан дұрыс («Остаток дня» кітабынан).

***

Мүмкін оның өткенге қарайлай беруді доғарып, болашаққа үмітпен қарауды үйрену және берілген күнді пайдалы өткізу туралы кеңесіне құлақ түру керек шығар? («Остаток дня» кітабынан).

***

Егер осы жасыңызда барлығына қол жеткіздім деп ойласаңыз, мүмкіндігіңіз жететін шыңға ешқашан көтеріле алмайсыз («Остаток дня» кітабынан).

***

Жастық шақта көп нәрсе жалықтыруы мүмкін. Бірақ кейін, есейген кезде, олардың сен үшін маңызды болғанын түсінесің («Художник зыбкого мира» кітабынан)

***

Өткенді еске алған жақсы, бірақ онымен өмір сүруге болмайды («Безутешные» кітабынан)

***

Адамның жасы емес, өмірлік тәжірибесі маңызды. Жүз жасқа келсе де өмірден ештеңе түймегендер болады («Там, где в дымке холмы» кітабынан)