Алматыда шаңғы спортынан Қазақстан чемпионаты өтеді

Аталмыш бәйгеде Риддер, Алматы және Алматы облысының командалары қатысады. Қатысушылардың жастық санаттары келесідей: жеткіншектер – 1996-1998 ж.ж., ұлдар мен қыздар – 1999-2001, 2002-2004, сондай-ақ, 2004 жылы мен одан кіші ұлдар.

Жастар чемпионатынан соң, шаңғымен тұғырдан секіруден жүлделі орындарды ересек спортшылар сарапқа салады. Олар 12-15 қазан аралығында жарыс жолына шығады.

Сонымен қатар, ел біріншілігінде спортшылар шаңғы қоссайысынан өзара мықтыны анықтайды. Жарыс жолына бірінші болып 19-22 қазан аралығында жасөспірімдер шықса, ал 26-29 қазан күндері ересектер бәстеседі.

Айта кетсек, барлық аталып өткен жарыстар Алматының көркіне айналған «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенінде өтеді. Жарыстың басталу уақыты 10:00-де.