Дональд Трамп: «Зымыран-Адам» әлі-ақ өкінетін болады

Солтүстік Кореяны түбірімен жойып жіберу мәселесі де қаралуда. Кейбіреулер «соғыс болып қалуы мүмкін» деген жорамалдарды да жоққа шығармайды. Бірақ ол мүмкін нәрсе емес. Мұны Путин де айтты. Мысалы, Иракқа қарсы А|ҚШ пен оның одақтастары шабуыл жасағанда, олар Саддам Хұсейіннің елінде ядролық қару жоқтығын білді. Сондықтан адам шығынынан қорықпай соғыс ашты. Солтүстік Кореямен арадағы жағдай қалай болмақ? Бірқатар елдер әлі де бейбіт мәміледен үмітті.

Тіпті АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хезер Науэрт «Ким Чен Ын үшін қазіргі уақытта дипломатиялық келіссөздің есігі ашық. Бірақ бұл есік бір күні тарс жабылуы ықтимал. Сонда Солтүстік Корея президентіне қиын болады» деген әңгіме айтты. Бірақ бұл қоқан -лоққы қашанға дейін созылады? Бұған Дональд Трамптың көнбейтін түрі бар.

25 жылдан бері «зымыран -адамның» жүйесімен келіссөз жүргізу мүмкін болмай келеді. Клинтон, Буш пен Обаманың да осы уақытқа дейінгі қадамдары сәтсіздікке ұшырады. Әлі-ақ көрерсіздер, менің жолым болады. Қазіргі уақытта  мемлекеттік хатшым Рекс Тиллерсон «зымыран-адаммен» келіссөз жасауға ұмтылуда. Мен оған «Рекс, өз күшіңді сақта» деп айтар едім. Онымен бос әңгімеге үйір болудың қажеті шамалы. Керек нәрсені біз уақыты келгенде жасаймыз. Сонда ғана Солтүстік Корея лидері өкінетін болады, –деп жазды өзінің Twitter-інде АҚШ президенті Дональд Трамп.

Бірақ Ақ үйдің қожайыны қандай болжамға арқа сүйеп отыр? Қалай әрекет етпек?  Ол жағы ашып айтылған жоқ. Бірақ Солтүстік Кореямен шекаралас отырған елдер алаңдап біраздан бері іргесін қымтап, қауіпсіздік шараларын жасап жатқаны белгілі. Оқиғаның қалай аяқталатыны белгісізі.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

ДереккөзAikyn.kz