Көкшетауда облыстық мәслихаттың ХIV сессиясы өтті

Облыс әкімінің ақпаратына сәйкес осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша аймақ оң қарқынмен дамып келеді. Ауыл шаруашылығы мен құрылыс секторы жоғары көрсеткішке жетіп отыр.

«Экономикаға құйылған инвестиция көлемі 110,9%-ға өсті. Жыл басынан бері облыста әлеуметтік және инфрақұрылым, шағын және орта бизнестің 100-ден аса нысаны ашылды. Жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ға дейін төмендеді. Бұдан басқа мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында құны 600 млрд теңге болатын 18 жоба іске асырылып жатыр. Осы жылы жеті жобаны іске қосамыз және мыңнан аса жұмыс орны ашылады», — деп мәлімдеді аймақ басшысы.

Бұдан басқа облыс әе\кімі «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасын бұдан әрі іске асыруға ерекше назар аударды. Аймақта 10,2 млрд теңге болатын 102 жоба анықталды. Оның 4,8 млрд теңгесі бизнес, меценат, «Туған жерге — тағзым» патриоттық акциясына қатысып жатқан аймақ тумасының үлесімен қолған алынып отыр.

Облыс мәслихатының депутаттары жергілікті атқарушы органдарының тапсырмасы анықталып, оның іске асуына атқарушы және билік органдарының өкілдері біріге атсалысуы керектігін айтты.

Қорыта келе, халық қалаулылары облыс әкімінің есебін мақұлдап, бірлесіп жұмыс істеу әрі қарай жалғасатындығын атап өтті.