Атырау облысында мектеп формасын сақтамаған оқушыларға айыппұл салынады

Атырау облысының дін істері жөніндегі департаментінің басшысы Қайролла Құсқариевтің айтуынша, соңғы уақытта мектепке қыздар хиджаб киіп келетін болған. Егер заң бойынша нормалар орындалмаса, оқушылардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

«Мектеп оқушыларына мектептерде киім үлгісін киетін заң бар. Бұл ережелер мектептердің жарғысында бекітілген. Соңғы уақытта қыздар мектепке хиджаб киіп келуі және олардың шешуге келіспейтін жағдайлары көбейді. Заң нормалары түсіндіріледі. Егер талаптар орындалмаса, олардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады», — деді Атырау облысының дін істері жөніндегі департаментінің басшысы Қайролла Құсқариев.

Түсіндіру жұмыстары үш кезеңде жүрмек. Бірінші және екінші кезеңде ата-аналармен теологтар, психологтар кездеседі.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 409-бабына сәйкес, білім беру саласындағы заңнамада көзделген міндеттерді орындамағандарға 10 АЕК айыппұл салынады, бұл 22 мың теңгеден асады. Бұл осы бағыттағы жұмыстың үшінші кезеңі. Сонымен қатар түсіндірме жұмыстары оның жемісін береді. Соңғы мәліметтерге сәйкес 136 ата-ананың бүгінгі күні 96-сы мектеп талаптарымен келісіп, бүгінгі күні олардың балалары мектеп формасын киеді», — деді Қайролла Құсқариев.

Айта кетейік, дін істері басқармасының ақпараты бойынша, кейбір балалар өздерінің орамалдарын киюді қаламайды. Біірақ ата-аналарының жазасынан қорқады.

ДереккөзKaztag.info