Ақмола облысындағы Беспақыр мазары несімен ерекшеленеді?

Соның бірі Қорғалжын ауданының Абай ауылында орналасқан Беспақыр мазары. Нұра өзенінің оң жағалауында орналасқан Беспақыр мазары алғаш рет отыз жыл бұрын зерттелген.

Мазар XIX ғасырдың 30-шы жылдарында, Кенесары атымен байланысты, жаугершiлiк заманда қайтыс болған бес кiсiге салынған деген аңыз бар. Мөлшерi 30х23х10 см және 50х10 см шикi өңделген кiрпiштен қаланған.

Мазар салынған кiрпiш құрамы — қойдың сүтi, жүнi, аттың жалы мен саз балшықтан тұрады.

Күмбезiнiң үстiңгi бөлiгi опырылған, ішіне кіре беріс қақпасының жан-жағындағы қабырғада бұзылған жерлерi бар. Сағанақ түрiнде орындалған мазардың күмбездi есiгi өзгешiлiк үлгiсiн сипаттайды. Екi бөлмелi композиция көлденең ортасында, шығыстан батысқа қарай созылған. Шығыс жағында аласа дарбаза (арка) және шығыңқы кiрпiштен қаланған күмбезбен жабылған есiк бар, диаметрi 2,8 метрді құрайды.