Көкшетауда ТЖБ қызметкерлері өрт қауіпсіздігіне байланысты рейд жүргізуде

Көкшетау қаласы Төтенше жағдайлар Басқармасының қызметкерлерi қаланың өрт сөндiру бөлiмдерiнiң қызмет атқарудан бос қызметкерлерiмен бiрiгiп тұрақты негiзде рейдтер түрiнде тұрғын үй секторын аралау, жаднамалар тарату, нұсқау берудi жүргiзедi.

Басқа да аула аралау, профилактикалық жұмыс жүргiзуден гөрi, өртпен күресу және адамдардың қаза болу саның қысқарту мақсатында, жарақаттану, өрт қауiпсiздiк айлығын өткiзу мақсатында Көкшетау қаласының аумағында Басқарма мамандарымен адамдар көп жиналатын объектiлерiнде профилактикалық жұмыстар жүргiзiледi.

Сөйтiп, 2017 жылдың 15 қыркүйегiнде Басқарма аға инженерлерi азаматтық қорғау капитаны С.Т. Жұмабаевпен азаматтық қорғау лейтенанты А.М. Сафаров қалада орналасқан «Қазақстан тұрғынүйжинақыбанкi» АҚ филиалында келушiлермен алдын алу iс-шара жұмысын жүргiзiп, сондай-ақ жадынамалар мен брошюралар таратты.

Адамдардың жалпы саны -56 адам.