Көкшетауда 900 орындық мектеп салынып жатыр

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Ғ. Бекмағамбетов қатысқан жиында қала әкiмiнiң орынбасары И.Юрченко осы тақырыпта баяндама жасады.

«Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттiк бағдарламалары тұрғындарды пәтермен қамтамасыз ету, Ұлы Отан соғысының ардагерлерi, мүгедектер, көпбалалы аналардың арыздарын қанағаттандыру мәселесiнде игi ықпал етуде. Жалпы соңғы жылдары тұрғын үй , тағы басқа құрылыстар қалада екпiндi жүрiп жатыр. Сондай-ақ, қала көшелерiн жөндеу, аулаларды абаттандыру, спорт, ойын алаңдарын салу үздiксiз жүргiзiлуде. Ғабдуллин, Ташенов көшелерi күрделi жөндеуден өтуде.

Биылғы жылы қаланың шеткi мөлтек аудандарының аулаларында жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Мектептерге қосымша ғимараттар қолға алынған, 900 орындық жаңа мектеп салынуда.

Әуезов-Темiрбеков көшелерiнiң қиылысында 420 орындық оқу-тәрбие кешенi салынбақ.

Қалада жаңадан скверлер ашылып, саябақтар жандануда. Бұқпа тауының биiгiне шығар баспалдақ, маңайды тамашалайтын алаңқай ашылды. Осының бәрi мемлекеттiк бағдарламалардың жүзеге асып жатқандығының айқын айғағы. Оған жиынға қатынасқан облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттары сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.

Партиялық тыңдауды қортындылаған Ғ.Бекмағамбетов мемлекеттiк бағдарламалардың жүзеге асырылуы үнемi партия қадағалауында болатынын ескертiп, қала басшылығының бүгiнге дейiнгi атқарған жұмысында кешеуiлдеу, тағы басқа кемшiлiктердiң жоқ екендiгiн атап өттi.