Басты бетЖаңалықтар30 қыркүйектен...

30 қыркүйектен бастап Үрімжі-Алматы пойызы жолға шығады

«Бұл ашылған жаңа бағыт бұрынғы Шыңжаң-Алатау сағасы өткелі арқылы Алматыға баруға қарағанда, көп уақыт үнемдейді», деп жазады «Жэньминь жибао» порталы.

«Үрімжі темір жол» таратқан ақпаратқа сай, Қытай мен Қазақстан темір жол мекемелері өзара келісімге келе отырып,  30  қыркүйектен бастап, Қытай темір жолы Үрімжі ــ Алматы K9795/K9796 кезекші халықаралық саяхат пойызының Алатау ـ Достық өткелі арқылы шығу жолын, Қорғас ـ Алтынкөл өткелі арқылы шекардан шығу жолына ауыстырған.

Жаңа пойыздың жолы 1048 шақырымды құрады. Бұл көрсеткіш бұрынғы бағытты 301 шақырымға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Үрімжіден Алматыға қатынайтын халықаралық саяхат пойызы аптасына 1 рет жүреді. Яғни, сенбі күні Үрімжі оңтүстік бекетінен жолға шығып, жексенбі күні Қорғас — Алтынкөл өткелі арқылы Алматы қаласына жетеді. Ал, Алматыдан дүйсенбі күні шығып, сейсенбі күні Үрімжіге жетпек.

ДереккөзInform.kz