Алматыда ағайынды Еңсеповтердің бейнебаяндары таныстырылды

Күйші Асылбек Еңсеповтің айтуынша, «Әке арманы» композициясында ол өз әкесін көрсеткен.

«Бірінші бейнабаян — аспапты музыка. Оны жазғаныма біраз уақыт өтті. «Әке арманы» — әрбір ата-ананың, әкенің әлемдегі тек бейбітшілік,  отбасының мүшесі аман-есен болып, балалары өсіп, өмірде өз жолын тапса деген арманы. Кез келген әкенің осындай арманы болады. Бұл видеода мен өз әкемді көрсетемін. Әкем 30 жасында Алматыға келіп, консерваторияға түсті. Екі баласы болса да, күндізгі бөлімде оқыды. Ол кезде мені және бауырымды балабақшаға беруге мүмкіндік болмады. Сондықтан оған бізді де оқуға алып жүруге тура келді. Осы бейнебаянда біз әке мен ананың қандай болуы керектігі, сол кезде анамның әкеме қандай қолдау білдіргенін көрсетеміз. Болашақ жастарға да айтарымыз бар. Қазіргі уақытта ауылдан қалаға келіп жатқан жастар көп. Ешқашан тоқтамау керек, мақсатқа жету керек. Осылайша, әкем 40 жасында оқу бітіріп, кандидат, ғылым докторы және профессор болды», — деді Асылбек Еңсепов.

Автор екінші туындысы әлеуметтік тақырыпта түсірілгенін айтты. Клиптің продюсері — Ақан Сатаев.

«Екінші бейнебаян «Алтын заман-ай»-ды («Золотое время») менің бауырым (Сырымтай Еңсепов — автор.) шығарды, ол бейнебаян да әлеуметтік тақырыпта. Клиптің продюсері — Ақан Сатаев. Онда біз осындай заманда өмір сүріп жатқанымызды бағалап, ата-бабабызға бізге жер қалдырып кеткені үшін алғыс айту керектігін көрсетеміз», — деді ол.

ДереккөзKaz.tengrinews.kz