Жапония парламентінің төменгі палатасы жұмысын тоқтатты

Жапония парламентінің төменгі палатасы мерзімінен бұрын тарап кетті.

Бұл туралы премьер-министр Синзо Абэ жергілікті NHK телеарнасына берген сұхбатында айтты. Премьер-министрдің айтуынша, парламенттің тарауына Солтүстік Корея тарапынан төнген қауіп себеп болған.

Жапония оппозициялары премьер-министрдің бұл пікірін жоққа шығарып отыр. Олар Синзо Абэ «Моритомо Гакуэн» және «Какэ Гакуэн» білім ордаларында болған қаржы  қылмыстарын жасыру үшін парламенттің төменгі палатасын таратып жібергенін айтуда.

Жаңа парламенттің сайлауы 22 қазан күні өтеді.