Басты бетЖаңалықтарАқмола облысы...

Ақмола облысы алғашқы болып егін маусымын аяқтады — Мәлік Мырзалин

Жалпы биыл аймақта 4,3 млн гектар аумаққа дәндi-дақылдар егiлiп, орақ науқанында 5 млн тоннадан астық жиналды. Биылғы астықтың сапасы жоғары. Атап өту керек, бүгiнгi күнi облыста жаппай майлы дақылдар орағы жүрiп жатыр.

Жиында Мәлік Мырзалин сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облыстық департаментiнiң жаңа басшысы Бекбасов Қуаныш Базарұлын таныстырды.

Қ.Бекбасов, 1971 жылы дүниеге келген, жоғары бiлiмдi. Әр жылдары iшкi iстер саласында, прокуратура, қаржы полициясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте лауазымды қызметтерде болған. Бұған дейiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментi басшысының орынбасары болып жұмыс iстеген.

Аппарат Ақмола облысының әлеуметтiк –экономикалық даму көрсеткiштерiнiң 8 айдағы қортындысы бойынша, облыстық экономика және бюджеттi жоспарлау басқармасы басшысы Б. Малғаждаров есеп бердi. Б. Малғаждаровтың айтуынша, аймақта облыстың барлық экономикалық салаында айтарлықтай iлгерiлеушiлiк байқалады. Әсiресе, өсiм азық-түлiк өнiмдерiн өндiруде орын алған, бұл жерде өнiмнiң нақты көлемiнiң индексi 117% құрайды.

МИИДБ аясында облыста құны 1,6 млрд теңге болатын екi жоба жүзеге асырылып, 190 жаңа жұмыс орны ашылған. Целиноград ауданында «SAMHAT» ЖШС аяқ киiм жасайтын жаңа желi iске қосылған. Оның жылдық қуаты 500 мың жұп аяқ киiм өндiруге жетедi. Степногорск қаласында «Инвест-РТ» ЖШС алтыннан минералдық шикiзат өңдейтiн фабриканы iске қосылды. Оның қуаты 108 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар, мемлекеттiк бағдарлама аясында 5 жобаны жүзеге асыру жұмысы жалғасуда.

«Биыл су құбырларын тарту мен ауыз су мәселесiн шешу мақсатында 8,9 млрд теңге бөлiндi. Бұл қаржы 28 нысанды iске асыруға және 12 жобаның сметалық құжатын әзiрлеуге жұмсалды», — дедi Б.Малғаждаров.

8 айдың әлеуметтiк-экономикалық қортындысы борйынша есептi тыңдаған аймақ басшысы, өндiрiс ауқымын кеңейтуге қатысты аудан, қала әкiмдерiне, басқарма басшыларына нақты тапсырмалар жүктедi. Сонымен қатар, М.Мырзалин ауылшаруашылығы басқармасы басшысына майлы дақылдар орағын дер кезiнде аяқтауды, ауылшаруашылығы тауарларын өңдейтiн кәсiпорындардың өндiрiстiк қуатын жүктеудi, Астананы азық-түiкпен қамту бағдарламасы аясында iске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың мерзiмiнде жүзеге асыруды мiндеттедi.

Сондай-ақ кеңесте денсаулық сақтау саласының өзектi мәселелерi қаралды.