Ақмола облысының Ардагер ұстаздары құттықталды

Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша  пелагог еңбек ардагерлерінің ерен еңбегі  облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына ғана емес, тұтастай алғанда мемлекеттің  дамуына үлкен  үлестерін қосты.

Ақмола облысы  білім басқармасы басшысының м.а. Талғат Жүнісов педагогикалық еңбек ардагерлерін құттықтап, өзінің шексіз  алғысын  білдірді.

«Бүгін біз сіздердің  шын мәніндегі  жанқиярлық  ерен еңбектеріңіз  үшін ризашылғымызды білдреміз.Ең жақсы сөздерді біз осындай беймәлім ұзақ және қиын жолбасында бізді қолдағанөзіміздіңбірінші мұғалімдерімізге жолдаймыз. Сіздердің еңбектеріңіз үшін, біздің балаларымыз, немерелеріміз, болашағымыз үшін сіздергетағыда алғыс айтамын. Отанымыздың түкпір-түкпірінде бұрынғы сіздің оқушыларыңыз еңбек етудебұл сіздердің  еңбектеріңіз    Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылықамандықжылуды, бақыт тілеймін!»- деді ол.

Педагогикалық еңбек ардагерлерін Бурабай ауданынының  «Бурабай» курорттық аймағына сапар барысындаэкскурсоводтар курортының көрнекті орындары  мен аңыздары туралы айтып,қызықты саяхат жасады. Щучье педагогикалық колледжінің музейіне  барды. Ардагерлер педагогикалық  фокустар көрсетіп, өздері шығарған өлеңдерін оқып, ән  айтып  педагогиканың құпиясымен бөлісті.

Ақмола білім қызметкерлер кәсіподақ ұйымының төрағасы Бейсенбай Абдрахманов   биылғы жылы Ақмола облысының 1000-нан астам педагог  қызметкерлері  Республикамыздың  шипажайларына  жолдама берілгенін хабардар етті. Сонымен қатармұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақмола білім қызметкерлер кәсіподақ ұйымы Ақмола облысы білім басқармасымен   бірлесе отырып, білім беру ұйымдарының техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру,  орта білім беру  және  арнаулы орта оқу орындарының қызметкерлері арасында   өткізілетін  спорттық жарыстар: шахмат, қалашық спорты, бильярд  жарыстары ұйымдастырылыды. Сондай-ақ атаулы іс- шараға педагогикалық еңбек ардагерлері қатысқанын атап өтті.