Бурабайда ұйымдастырылған қайырымдылық шарасынан 160 млн теңге қаржы түсті

Бесінші рет өтіп отырған Charity Tour de Burabaу шараға1500-ден аса адам қатысты. Оның ішінде 718 қатысушы 30 шақырымды жолды велосипедпен жүріп өтті.

Қайырымдылық шарасына ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Charity Tour de Burabay елімізде велосипед спортын насихаттап, дамуына үлес қосуда. Сондай-ақ, науқас балалардың ем алып, оңалтуына  да  ерекше көңіл бөліп отырғанымызды байқатып отыр», — деді министр.

Шараға Данияр Елеусінов, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Галина Воскобойникова және якуб Вуйсен сияқты спорт жұлдыздары қатысты. Қайырымдылық велошеруінен 160 миллион теңге қаржы жиналды.