«Аватар» фильмінің төрт бөлімі қатар түсірілмек

«Аватар» картинасының әлі төрт фильмі шығады. Режиссер барлығын бір уақытта түсірмекші екен, бірақ олардың көрсетілу аралығы 1-3 жыл болады.

Картинада осыған дейінгі актерлер Сэм Уортингтон, Зои Салдана, Джоэль Мур, Сигурни Уивер мен тағы басқалары болады.

Сондай-ақ, фильмге «Тақтар ойыны» сериалының актерлері Клифф Кертис пен Уна Чаплин түседі.

Түсірілім жұмыстары Калифорния штаты Манхэттен-Бич қаласында болады.

Фильмнің бюджеті — 1 миллиард доллар. «Аватар 2»  кинотеатрлардан 2020 жылдың 18 желтоқсанында, «Аватар 3» 2021 жылдың 17 желтоқсанында, «Аватар 4» 2024 жылдың 20 желтоқсанында, ал «Аватар 5» 2025 жылдың 19 желтоқсанында  көрсетіледі.

ДереккөзHi-news.ru