«Тақтар ойыны» сериалының 7-кезеңі қашан шығады? (Видео)

7 наурызда желіге сериалдың түсірілім жұмыстары барысынан алынған қысқа клиптер тарай бастады. Ал 7-кезеңнің шілдеде жарыққа шығатыны туралы сүйінші жаңалықпен ең алғаш болып 1 наурызда Давос Сивортты сомдаушы ирландық актер Лиам Каннингем бөліскен еді. Бірақ бірінші сериасы дәл қай күні шығатынын айтпады.

«Жаман жаңалық, тек жеті эпизод шығады, қорытынды кезеңнің түсірілім жұмыстары қыркүйекте басталады», — деп қосты актер.

Айта кетейік, Тақтар ойыны (ағылш. Game of Thrones) — жазушы Джордж Мартиннің «Мұз бен от жыры» атты романдар желісі бойынша түсірілген фэнтези жанрындағы америкалық драмалық телесериал. Сериал Дэвид Бениофф және Д.Б. Уайсстың басшылығымен HBO телеарнасы үшін түсіріледі.

ДереккөзBaq.kz