Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үй санын көбейту керек — облыс әкімі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қаладағы негізгі мәселе баспана және газбен қамтамасыз ету екенін айтып өтті.

«Облыс орталығындағы негізгі мәселелердің бірі — баспана. Сондықтан, қала орталығында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын көптеп жүргізуіміз қажет. Екінші мәселе – газбен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда қаланың 70 пайызын жеке әрі жер үйлер орналасқандықтан олардың инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтамасыз ету аса көп шығынды талап етіп отыр»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кетейік, облыс әкімі бұдан өзге коммуналдық арендалық тұрғын үйлер мен 1200 мектептің құрылысымен де танысып шықты.

ДереккөзEgemen.kz