Еліміздің əр өңіріндегі жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін дайындаушылар Бурабайда бас қосты

Фестиваль қатысушылары жаңа піскен көкөніс, жеміс, жидек, бал, жаңғақ, саңырауқұлақ жəне балықтан үй жағдайында жасалынған түрлі өнімдер мен консервілер, табиғи шөптерден əзірленген дәрілік шырындар мен қоспаларды ұсынды.

Фестиваль аясында қатысушылар өнерлерін ортаға салған байқау өтті. Онда өнімді қалай өсіріп, жинау керектігі, консервілер әзірлеу, декортивті жəне өнімділігі жоғары дақылдарды өсіруде озық технологияны қолдану бойынша шеберлік сыныбы өткізіліп, қатысушылар пікір алмасты.

Байқау жеңімпаздары «Табиғат сиын дайындау бойынша ең үздік шеберлік сыныбы», «Ең үздік көрме жəдігері», » Ең үздік дайындаушы» жəне «Ең жомарт сатып алушы» аталымдары бойынша анықталды.

Жеңімпаздарды анықтағанда өнімнің тұр нұсқалығы, дəмі, емдік құрамы, экологиялық тазалығы, дегустаторлардың бағасы мен сату көлемі ескерілді.

Жеңімпаздардың барлығына дипломдар мен естелік сыйлықтар үлестірілді.