Астанада екінші Хакатон үздік жобалар байқауы өтті

Хакатон Astana Innovations Challenge ауқымды стартап-марафоны шеңберінде өтті. Оны Астана қаласының Әкімдігі, «Астана Innovations» АҚ және MOST Бизнес-инкубатор. Әріптестер – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (UNDP Kazakhstan), BI Group және «Шеврон» компаниялары ұйымдастырды.

Хакатонда қасытушыларға үш тапсырма берілді. Біріншісі «Астана су Арнасы» ұсынған «Суды үнемдеу» туралы мәселе. Онда халыққа суды үнемдеу жолдарын насихаттап, суды есептеу құрылғысын орнату, су ақысын төлемеген болса, қарызын төлеуге ынталантыратын ақпарат тарату керек. 

Екінші тапсырманы BI Group ұсынды. Ол «Көппәтерлі үйлердегі қатты тұрмыстық қалдықтарды іріктеп жинау мәселесін енгізу» деп аталады. Қатысушылар бұл тапсырманы орындау кезінде халыққа пластик, қағаз, әйнек, металл сынды қалдықтарды бөлек-бөлек жинауға қалай үгіттеуге болатынын анықтап, өз ұсыныстарын енгізді.

«Әлеуметтік желіге БАҚ жаңалықтарының желісін жариялау». Үшінші тапсырма осылай аталады. Қатысушылар бұнда адамның әлеуметтік желідегі мәліметтерін пайдалана отырып, оны қызықтыратын жаңалықтарды іріктеу, адамның тұрған жеріне қатысты ақпараттарды бірінші бетке шығаратын қосымша жасап шығаруы керек болды.

Хакатонның мақсаты — қаладағы технологиялық мәселелерді мобильді қосымшаларды пайдалана отырып шешу. Онда Ашық дерек көздерінің материалдары пайдаланылады.

Тәжірибелі кәсіпкерлер, сарапшылар мен мемлекеттік қызмет өкілдері шараның менторлары мен әділқазылары болды.

Қалалық технологиялық міндеттерді шешу мүмкіндігі үшін ашық мәліметтер негізінде сервистер мен мобильді қосымшаларды құру сынды жобалар хакатонда әзірленді.

Екі күн ішінде қатысушылар өз жобаларын ұсынды. Әділқазы мүшелері үздіктерін анықтады. Мәреге және жариялық қорғауға он команда жіберілді. Қызу пікірталастардан кейін үш жоба марапатталды.

Жеңімпаз көрермендер көзайымы сыйлығын алған үздік жоба қатты-тұрмыстық қалдықтарды жеке жинауды ынталандыруға бағытталған Garbage Collector жобасы болды. Команда Дүниежүзілік бизнес-періштелердің және инвесторлардың форумына (WBAF) 2018 келу және The Take Invest Summit стартаптарының халықаралық конкурсқа қатысу, сондай-ақ BI Group базасында пилоттық жобаны енгізу мүмкіндігін алды.

Үздіктердің ішінде суды үнемдеу деңгейін арттыруға және тұтынушылардың берешектерін өтеуге бағытталған AISU жобасы болды. Команда  БҰҰДБ–нан арнайы сыйлығын алды. Ол — Еуропадағы стартап-жобаларды дамыту және «Астана су арнасы» МҚК-нан техникалық қолдау бойынша іс-шараға бару.

Intell Feed жобасы да назарсыз қалмады. Ол әрбір пайдаланушы үшін дербестелетін жаңалықтарды іріктеуше бағытталған. Intell News командасы MOST Бизнес-инкубатоорынан 250 мың теңге көлемінде арнайы ақшалай  сыйлық және IMAS –тан техникалық қолдау алды.

Сонымен бірге, барлық жобалар қала инфрақұрылымына жобаны енгізу кезінде Астана әкімдігінің қолдауын алды.

Жобалармен тікелей жұмыстан басқа, қатысушылар халықаралық сарапшылармен мастер-кластарға қатысу, менторлармен кездесу және араласу, сондай-ақ әріптестер мен жаңа достарын алу мүмкіндігін алды.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 5-6 тамызында Astana Innovations Challenge ауқымды стартап-марафоны аясында ашық мәліметтер (Open Data) негізінде қала міндеттерін жүзеге асыратын жобаларға арналған бірінші хакатон өткен еді. Онда қатысушылар өз жобаларымен жұмыс жасау барысында сарапшының қолдауына және нетворкингке арналған алаңға қол жеткізді. Ал үздік үш команда жүлде қоры 500 000 теңгені өзара бөлісті. Іс-шарада құралған командалар 48 сағат ішінде қосымшалар прототипін жасап, өнертапқыштық бағдарламалау машықтары мен мәліметтерді өңдеу бойынша өзара жарысты.

Хакатонның бірінші күні бірқатар ақпараттық және білім беру сессиялары өтті. Оның барысында шақырылған сарапшылар ашық мәліметтермен қалай жұмыс істеу керектігін айтып берді. Менторлар мен қазылар ретінде тәжірибелі кәсіпкерлер, сарапшылар мен мемлекеттік құрылым өкілдері қатысты.

Ашық мәліметтердің басты міндеті (open data) – билік органдары қызметінің айқындылығын арттыру және қосымшалар мен сервистер құру үшін тәуелсіз әзірлеушілерге жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ жеке күштермен қаланы жақсарту мүмкіндігін беру.

Astana Innovations Challenge – бұл Астана қаласының инновациялық экожүйесін дамыту шеңберінде өткізілетін және қалалық билікті, ғылыми, бизнес және стартап-қауымдастықтарды белсенді тарту жолымен қалалық технологиялық міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар сериясы.

Астананы инновация қаласы ретінде көруді іске асыру әкімдіктің үйлестірілген әрекеттерін және бизнесті және тұрғындарды белсенді тартуды талап етеді. Astana Innovations Challenge негізгі мақсаты – бұл қалалық технологиялық міндеттер үшін шешімдер іздеу арқылы қала өміріне талантты адамдарды тарту.