Астана мен Алматыдан Оралға «Тұлпар-Тальго» пойызы іске қосылмақ

2017 жылғы 26 қыркүйекте Астана-Орал және Алматы-Орал бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» жолаушы тасымалдаушы пойызы іске қосылатын болады.  № 49/50 «Алматы-Орал» және № 95/96 «Астана-Орал» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» жолаушы тасымалдаушы пойызының жол жүру уақыты осы бағытта жүретін басқа пойыздармен салыстырғанда 22 және 13 сағатқа аз.

Айта кетейік, пойызда жолаушыларға барлық қолайлы жағдай жасалған және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы вагондар қарастырылған.

ДереккөзEgemen.kz