«Жаңғақ тал» фильмі Франциядағы халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды

Іріктеу комиссиясы конкурстық көрсетілім үшін «Жаңғақ тал» фильмін үздік азиялық кинотуындылар арасынан таңдап алған болатын. Фильмнің мазмұнына келсек, онда қарапайым отбасындағы қарым-қатынастар суреттеледі.

Фестиваль аясында француз көрермендеріне ұсынылған фильмнің көрсетіліміне режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтің өзі де қатысты. Ал конкурсқа қазақстандық туындыға бәсеке ретінде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Иран, Филиппин және Түркия елдерінің 8 кинокартинасы ұсынылған болатын. Солардың арасында «Жаңғақ тал» фильмі талғамы биік көрермендердің көңілінен шығып, киносыншылар мен мамандар арасында жоғары бағаға ие болды. Айта кетерлігі, фестиваль аясында бағдарлама бойынша барлығы 90-нан астам фильм көрсетілген болатын.

Негізгі конкурста фильмдерге оңтүстіккореялық режиссер Им Санг-Су төрағалық ететін қазылар алқасы  баға берді. Қазылар құрамында режиссер Нан Тривени Ахнас (Сингапур), продюсер және актриса Мания Акбари (Тегеран), режиссер Еутана Мукдасанит (Таиланд) секілді танымал тұлғалар болды. Везульдегі кинофестиваль Франциядағы ғана емес, Еуропадағы бірталай уақыт бойы өткізіліп келе жатқан  ауқымды азиялық кино форумы болып табылады.

Еске салайық, қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтің «Жаңғақ тал» фильмі бұған дейін Кореядағы Пусан фестивалінде әлемдік премьерасын өткізіп, онда New Currents («Жаңа ағым») секциясы аясында жүлдеге ие болған еді.

ДереккөзҚазАқпарат

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабымен Анкараға барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс бабымен барды. Бұл туралы Ақорданың Telegram каналында жарияланды.

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Go Viral фестивалі алғаш рет Астанада өтеді

Go Viral 2017 жылдан бері Орталық Азия елдерінде фестивальдер өткізіп келеді. Биыл алғаш рет 23-24 маусымда Астанада өтеді.

Марат Қарабаев: Азаматтық авиация саласында кадр тапшылығы бар

Азаматтық авиация саласында кадр тапшылығы бар. Бұл туралы үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.

Әскерде жүрген сарбаздың несиесі уақытша тоқтатылады

Әскерде жүрген сарбаздың несиесі уақытша тоқтатылады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін. Бұл туралы әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.