Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қырғызстан Қазақстанға қарсылық нотасын жолдады

Фото: ©Today.kz

Наразылық нотасы Қазақстанның Қырғызстандағы уақытша сенімді өкілі Рымтай Кәріпжановқа ұсынылған. Онда:

«Достық көңілдегі Қазақстан басшысы Қырғызстанның ішкі ісіне араласпайтынын айтса да, оның сөздерінен кімге артықшылық беретіні анық аңғарылып тұрды. Осы себеппен қырғыз тарабы бұл кездесуді қазақстандық БАҚ-тың кеңінен насихаттауын Қырғызстанның ішкі ісіне араласуы деп білеміз», — деп жазылған.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Өмірбек Бабановтың кездесуі туралы Ақорда сайты жазған еді.

Қырғызстанда президент сайлауы 15 қазанда өтеді. Әзірге 13 адам президенттікке үміткер болып отыр.

Мақалаға реакция