Қазақстанның қай қалалары «ақылды қала» атанады?

Үкімет басшысы тапсырманы жүзеге асыру барысында Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе шаһарларындағы «Smart city» жобаларын үлгі етіп көрсетті.

«ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне барлық облыс орталықтарына енгізуге болатын «ақылды қалалар» үлгілік тұжырымдамасын құруды тапсырамын»,-деді ол.

Бұған қоса, Бақытжан Сағынтаев жаңа технологияларды пайдалануды ынталандыру, инновациялық шешімдерді әзірлеу, стартап-ортаны дамыту үшін  заңнамаға өзгерістер бойынша ұсыныстар енгізуді жауапты министрліктерге жүктеді.

Сонымен қатар, қараша айының соңына дейін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жобасының пысықталған нұсқасын аяқтау керектігін қадап айтты.

ДереккөзInform.kz