Астанада қоғамдық кітап сөрелері пайда болады

«Болашақ» қауымдастығы астаналықтарды оқыған кітаптарын бір-бірімен бөлісуге, қаланың сауда орталықтарында бірқатар қоғамдық кітап сөрелерін ашуға шақырды.

«Әркімге бір кітаптан, әркімнен бір кітаптан!» Соншалықты ынталандыра қоятын ұран емес екендігіне келісеміз. Алайда ол біздің Bolashak Books әлеуметтік жобамыздың барлық мән-мағынасын ашып көрсетеді. Жобаның тобықтай түйіні — қоғамдық кітап шкафтарын ашу. Әрбір азамат кітабын алмастырып немесе оны оқуға алуға мүмкіндігі бар. Жобаны Астанадан бастаймыз. «Болашақ» қауымдастығы елорданың бірқатар сауда ойын-сауық орталығымен кітап шкафтарын орналастыру туралы уағдаласты», — деді аталған қауымдастықтың мүшесі Ермек Мақаш.

Жобаға қатысуға ниет танытқан кез келген азамат кітаптарды Астана қаласының Қонаев көшесі 12/1 ғимаратындағы 412 кеңсеге келіп, «Болашақ» қауымдастығына табыстай алады. Ал қазан айының басында шкафтар орналастырылатын болады. Бүгінгі күнге дейін 100-ден астам кітап жиналып, жобаға қоғам және мәдениет қайраткерлері қолдау көрсетуде.

Болашақ қауымдастығы, кітап сөресіАйта кеткен жөн, қоғамдық кітап шкафы немесе бук-кроссингтер әлемде кеңінен танымал. 2003 жылы ең бірінші қоғамдық шкаф Бонн қаласында ашылып, бүгінде олардың саны көбейген.  2000 жылдың соңына қарай мұндай шкафтар Германияның басқа да қалаларында пайда болды. 2010 және 2011 жылдары герман үлгісіндегі алғашқы қоғамдық шкафтар Австрия мен Швейцарияда ашылды. Бүгінгі күні мұндай шкафтар Еуропаның, Америка мен Азияның көптеген қалаларында бар.

ДереккөзInform.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз