Оған Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің бір топ ғалымдары және Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау қалалары мен Павлодар, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарының зиялы қауым өкілдері, ел азаматтары, өскелең ұрпақ жастар да қатысты. Аталмыш шара аясында «Қанжығалы» шежіре кітабының тұсаукесері болып өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімі Ермек Нұғыманов Ерейментау ауданының құрметті азаматы, Еуразия Ұлттық университетінің кәсіподақ ұжымының төрағасы Талғатбек Жанайдарұлын мерейлі 70 жасқа толуымен шын жүректен құттықтап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жауып, жүрекжарды тілегін білдірді. Шара соңында аудан әкімі Ермек Нұғыманов конференция жұмысына ат салысқан ғалымдар мен зиялы қауым өкілдеріне «Қанжығалы қарт Бөгенбай» медалі мен ескерткіш сыйлықтарды табыс етіп, қазақы дәстүрмен иықтарына шапан жапты.
Ғылыми-практикалық конференциядан бастау алған мерекелік шаралар аламан бәйге сынды ұлттық спорт ойындарымен жалғасып, одан әрі ауыл шаруашылық жетістіктерінің көремесімен жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Жиналған жамағатқа Қанжығалының ұрпақтары ұлы баба рухына арнап ас берді.