Алматы облысында кәсіпкерлер «Атамекенім» акциясысын бастады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру барысында «Атамекенім» жалпы республикалық акциясын өткізу жөнінде мәлімдеді.

Атамекен ҰКП
©Өңірлік коммуникация қызметі

Жетісу кәсіпкерлерінің пікірінше, шара қайырымдылық мәдениеті мен әлеуметтік жауапкершілікті дамуына жаңа тыныс береді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығындағы белгілі болды.

«Тәуелсіздік жылдары көптеген кәсіпкерлерлер өзінің туған жері, ауданы мен облысының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Жеке кәсіпкерлік қаражатына әлеуметтік, білім беру нысандары іске қосылып, маңызды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды. Бұның барлығын кәсіпкер жарнама үшін немесе басқа да мақсат үшін жасамайды. Өзінің парызы деп түседі. Сондықтан осындай игі істерді біз қоғамда белсенді түрде айтып, меценат мәдениетін дамытып, патриоттылыққа шақыруымыз қажет», – деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің басшысы Римма Салықова.

Осы саладағы шешімдердің бірі ретінде Әлеуметтік мәселелер реестрі әзірленеді. Реестр ҰКП-ның atameken.kz сайтындағы «Қайырымдылық» айдарында орналасады. Әлеуметтік мәселелер реестрі арқылы қандай да бір көмекке немесе қолдауға мұқтаж азаматтар онлайн-режимде осы тізімге өтінім қалдыра алады. Кәсіпкерлер өтінім-тілектермен таныса алады. Өтінім қалдыратын немесе кері байланысқа тапсырыс беруге болатын арнайы батырма да іске қосылады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлер «Парыз» мемлекеттік сыйлығын беруді ұсынып отыр. Сыйлықты берудегі мақсат – қайырымдылық идеясын өрістету мен мәдениетін қалыптастыруға, қайырымдылық бағдарламалары мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, демеушілік көрсетіп, үздік әлеуметтік жобаны іске асыруға, әлеуметтік жауапкершілік ұстанымын енгізуге қосқан үлесін үлесін жоғары бағалау. Жыл сайын өтетін «Парыз» байқауында әлеуметтік мәселелерді шешу саласындағы кәсіпкерлік және т.б. үшін «Үздік әлеуметтік кәсіпкер» аталымын енгізу ұсынылады.