Көкшетауда энергия үнемдеу тақырыбында конференция өтті

Жалпы бүгінге дейін өңірдегі 7500 мыңдай жарық нүктелерінің тең жартысына жаңа технологиялар енгізіліп, электр үнемделген.  Енді алдағы уақытта қалған 4 мың нысанда осындай жұмыстар атқарылмақ.

Мысалы энергияүнемділігіне арналған замануаи құрылғылармен жабдықталған Аршалы ауданындағы орта мектептердің бірі жылына 3 млн теңгеге дейін үнемдейді.

Жоспар бойынша алдағы уақытта Ақмола облысының оқу орындарында энергия үнемдеудің жаңа технологиялары енгізілмек.