ЭКСПО көрмесі кезінде 9 мыңға жуық келушілер медициналық көмек алды (инфографика)

Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыровтың сөзіне қарағанда, медициналық қызметтер белгілі тәртіпте және кәсіби тұрғыда жұмыс істеді.

«ЭКСПО аумағында 7 медициналық пункт және 1 медициналық орталық ашылды. Астана қаласының қалалық жедел-жәрдем стансасының орталық базасы негізінде жедел-жәрдем қызметінің бірыңғай көпканалды қызметі ұйымдастырылды. Тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық ашылды, онда ағылшын, қытай, неміс, араб, түрік, француз тілдерінде кеңес берілді,» — деді Камалжан Надыров.

Айта кеткен жөн, «Медикер» компаниясы медициналық сүйемелдеу бойынша ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми операторы мен серіктестігі болып табылады. Қаланың стационарларында 400-ден астам керует құрылған болатын. Емделушілерді қабылдау бойынша негізгі жүктеме №1, №2 қалалық ауруханаларына және №2 қалалық балалар ауруханасына түсті.

«Көрменің өтуі кезінде 300-ден астам адам ауруханаға жатқызылды. Жедел-жәрдем қызметінің бригадасы 3130 рет шақырту  алып, көмекке шыққан. Емделушілерге көмек көрсетуде қалалық медициналық қызметтербелгілі тәртіпте және кәсіби тұрғыда жұмыс істеді. Көрменің барлық қатысушылары мен қонақтарына сапалы, қолжетімді әрі жоғары деңгейде уақыты медициналық көмек көрсетілді,» — деді ол.

ЭКСПО көрмесі қонақтарының денсаулығын қадағалау үшін 1 335 медициналық жедел көмек көрсету көлігі жұмылдырылды. Көрме кезіндегі жалпы қалалық шараларда кезекшіліктер жүргізілді.

Бұдан бөлек, тұрғын үй, әлеуметтік, коммерциялық және қаланың инфрақұрылым нысандарын барлық бейнебақылау жүйесі біріктірілген Ахуал орталығы құрылған болатын.

Естеріңізге сала кетейік,  кең ауқымды шараны өткізу кезінде 3 ай ішінде елордаға шамамен  4 млн қонақ келді. ЭКСПО-2017 көрмесінің сәтті өтуіне қала әкімінің басшылығымен  арнайы құрылған штабтың бірлескен әрекеттері мен жұмысы септігін тиігзді. Қаланың барлық қызметтері кешенді шаралар жоспары және нақты іс-әрекеттер аясында күшейтілген режимде жұмыс істеді.

ЭКСПО, медициналық көмек, инфографика
© ҚР Денсаулық сақтау министрлігі